Фермерді өлтіріп, мәйітін шошқаға жегізген қазақстандық сотталды

Фото: Sputniknews.kz Фото: Sputniknews.kz
Ер адам мен оның сыбайласы кінәсін жартылай мойындады.

Ресейде ақша үшін фермерді айуандықпен өлтірген Қазақстан азаматы 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Омбы облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Осы жылдың ақпанында қазақстандық пен оның сыбайласы спирттік ішімдік ішіп, ауыл фермерін тұншықтырып өлтіріп, оның үйінен 200 мың рублді (миллион теңгеден астам) алып кеткен.

"Қылмысты жасыру үшін ер адам оның мәйітін фермаға әкеліп, шошқаларға жегізген. Олар жасаған қылмысын жартылай мойындады (сотта ұрланған ақшаның көлемі біршама аз болғанын айтты)", — деп жазылған хабарламада.

40 жастағы қазақстандық кісі өлтіріп, артынша оны тонады және денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, тонау қылмысын жасады деп танылды.

Омбы облыстық соты қазақстандықты қатаң режимдегі түзеу колониясында 17 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті. Ал оған көмектескен 43 жастағы әйел тоғыз жыл өмірін жалпы режимдегі колонияда өткізеді.

Прокуратура сотталған Омбы облысының тұрғыны кәмелетке толмаған үш баланың анасы екенін атап өткен.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз