Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тамара Дүйсенова ереуілге шыққан кеншілердің жағдайына қатысты түсінік берді

Кеншілердің негiзгi талабы еңбекақыны 100 пайызға дейiн көтеру мәселесi.

Сурет : 12 Желтоқсан 2017, 14:43

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазір «АрселорМиттал Теміртау» кеншiлерiнiң мәселесi бойынша келiссөздер жүргiзiлiп жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz тiлшiсi.

Министрдiң айтуынша, қазiр ереуiл ұйымдастырып отырған кеншiлер саны 600-ден асып отыр.

«АрселлорМиттал Темiртау мәселесi жөнiнде айтсақ, қазiр 8 шахтадан жұмыскерлердiң 32 өкiлi, белсендiлерi жұмыс берушiмен кездесiп, келiссөздер жүргiзiп жатыр. Негiзгi олардың талаптары: еңбекақыны 100 пайызға дейiн көтеру мәселесi. Қазiр АрселлорМитталдағы еңбекақының ең төменгi мөлшерi осы шахталарда iстеп жатқан азаматтардың - 208 мың теңге, ал жоғары мөлшерi - 326 мың теңге көлемiнде. Бұл бiрiншi талабы болып отыр" - деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар кеншілердің басқа да талаптары бар.

"Екiншi талап, еңбекке жарамсыз болған уақытта аурухана парағын 100 пайызға дейiн уақытында төлеу мәселесiн қарастырып жатыр. Одан басқа, еңбекақыға байланысты тағы да бiраз тарифтер жөнiндегi мәселелер бар. Зейнетақы жасы мәселесi. Содан кейiн кеншiлердiң «Шахтер» деген сауықтыру кешенiн қайтару мәселесi қаралуда. Бүгiн таңғы тоғызда жұмыс берушi мен жұмыскерлер арасында келiссөздер басталды. Қарағанды облысының әкiмшiлiгi, Еңбек инспекциясы мен басқа да құқық қорғау органдарының барлығы сонда. Қажеттi мониторинг жасалып жатыр. Жұмыс берушi мен жұмыскерлер арасындағы келiссөздер жүріп жатыр" - деп атап өтті министр.

Оған қоса, Дүйсенова келіссөздер бiткеннен кейiн олардың қандай келiсiмге келгенi жөнiнде қосымша ақпарат беремiз деп уәде берді.

Еске сала кетейік, Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі шахтаның кеншілері 10 желтоқсан күні түнгі ауысымнан кейін жер үстіне көтерілмеген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер