Ақмолада 30 жастағы жігітті жолаушылар пойызы басып өлтірді

Оқиға Едіге-Ерейментау айырымында №8 пикеттің 139 шақырымында болған.
Ақмола облысында Ерейментау ауданында жолаушылар пойызының астына түскен 30 жастағы жігіт көз жұмды, - деп хабарлайды Тoday.kz "Интерфакс-Қазақстанға" сілтеме жасап.
Ақпаратқа қарағанда, оқиға Едіге-Ерейментау айырымында №8 пикеттің 139 шақырымында болған.
"Астана-Защита" қатынасындағы №68 жолаушылар пойызы ер адамды басып кеткен, алынған жарақат салдарынан жігіт сол орында қаза болған", - деп хабарлады ТЖ департаментінен.
"Оқиға пойыздардың қозғалысына әсерін тигізген жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді әңгімелесуші.
Бөлісу
0
Толық оқу