Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте моншаға түскен әйел мен бір жасар қыз көз жұмды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2017 22:24 Zakon.kz
Мамандардың болжамы бойынша олар газдан уланып қалған

1 жасар қызымен моншаға түскен 38 жастағы ана ажал құшты. Шомылуға кіріп қайта шықпаған. Түнімен монша ішінде жатып қалған денелерді тек таңертең көршілері көрген, - деп хабарлайды TVK арнасы.

"Ол аяғынан тұра алмай тұрған. Сол мезетте мен оған көмектеспек болдым. Ол өзім жуынамын деді. Мен олардың жоқ екенін азанда білдім. Оның бір қызын мен өзіммен бірге ұйықтатуға алып кеткен болатынмын. Азанда қарасам, қыздары жоқ. Бірден оларды іздедім. Сөйтсем, осындай жағдайға тап болдым. Жаурап қалған ба? Басымен құлаған ба білмедім. Түсіне алмадым", — дейді көрші әйел.

Өздері баспананы жалға алып тұратын жандар, кей кездері танысының үйіне келіп моншаға түсіп тұрады екен. Бұл жолы да әдеттегідей егіздерін ертіп келген азаматша, спиртті ішімдіктен ұрттап алыпты. Оны көршілерінің өздері айтып.

"Ол әдеттегідей ішіп келген. Күйеуі ақша әкеліп тастап кетеді. Жұбайы аптасына бір рет келеді. Бұл егіз қызымен менің үйімді жалдап тұратын. Тіпті түнгі уақытта да мас халде жүретін. Өзі жұмыс істемейді", — дейді тағы бір көршісі.

Егіздің бірі көршісінің қолында қалып аман қалған. Оның денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.

Біз қазір ішкі істер бөліміне барамыз. Мұнан соң, ауруханаға апарамыз. Ал Әминаның жағдайы жақсы. Денсаулығы ешқандай зиян келмеген.

Оқиға орнына келген мамандардың айтуынша, қайтыс болған жандар, уланудан көз жұмған. Десе де бұл диагноз нақты емес. Сот медициналық сараптамадан соң белгілі болады.

Бізге азаматшаның уланып қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға келсек, 13-41 минутта келсек, әйел адам қайтыс болып кеткен. Және 1 жарым жасар кішкентай қыз қаза болған. Улы газдан қайтыс болған деп отырмыз.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: