Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілде үздік диктант жазғандар марапатталды

dvinainform.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2017 15:00 dvinainform.ru
Диктант мәтініне қазақтың белгілі жазушысы Міржақып Дулатовтың адамгершілік, мейірімділік және қайырымдылық қасиеттерді насихаттауға арналған «Байлық» әңгімесі арқау болған.

Павлодарда «Қоғамдық келісім» сарайының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оған облыстың этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының мүшелері, тіл жанашырлары, мемлекеттік тілді жетік меңгерген облыстың этнос жастары мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары шақырылды.

Шара қатысушыларын алдағы Тәуелсіздік күнімен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова құттықтады.

«Тәуелсіздік жылдары ішіндегі ең басты жетістігіміз халқымыздың келісімі мен бейбітшілігі болып табылады. Мемлекетіміздің салмақты саясаты арқасында барлық қазақстандықтар өз тілдерінде сөйлеп, мәдениеті мен дәстүрін сақтауда», - деді Сәуле Османова.

Кездесу барысында мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың, мемлекеттік тіл мен этнос тілдерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Социал Әйтенов, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Александр Лодочников, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі, жас ақын Еркебұлан Әміренов баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Қазақстан.Тәуелсіздік хроникасы» бейнебаяны көрсетілді. Шара соңында мемлекеттік тілде жазылған диктант қорытындысы жарияланып, үздіктер мен республикалық конкурстардың жеңімпаздары алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Өзге ұлт өкілдері арасында Зура Кенжебаева, Мелине Члудян және Данил Князев үздік баға алған. Диктант мәтініне қазақтың белгілі жазушысы Міржақып Дулатовтың адамгершілік, мейірімділік және қайырымдылық қасиеттерді насихаттауға арналған «Байлық» әңгімесі арқау болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: