Жаңалықтар тізбегі
0

Бостандықта нәпақа таба алмаған әйел түрмеге отыру үшін бомба туралы жалған айтқан

Фото: Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2017 18:01 Фото: Stan.kz
Ақтөбелік әйел түрмеге түсу үшін полицейлерге жалған хабарлама айтқан.

Ақтөбеде №2 қалалық сотта Ирина Журавлеваға қатысты іс қаралды. Ол 9 қарашада 102 нөміріне теміржол вокзалында бомба жатқанын хабарлаған деген айыппен сот алдына келді. «Жалған терроризм» бабы бойынша сотталып жатыр, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Мен өзім полицейлерге шықтым, олар менің үйімді таба алмай жүрді», — деді Журавлева сотта.

Әйел өз кінәсін толық мойындады және жазаның тез орындалуын сұрап отыр. Белгілі болғандай, 3 жыл бұрын Ирина азаматтық некедегі күйеуімен бірге 4 жастағы Арина есімді туған қызын сатпақ болған. Полицейерге ұсталған Ирина 8 жылға сотталды. Бірақ ол 3 жыл түрмеде отырып шығып, шартты түрде босайды.

«Мен шартты түрде мерзімнен бұрын босадым. Түрмеден шығып, қызымды өзімен бірге алып кетемін деп ойладым. Ата-ана құқығымды қалпына келтіріп, қызыммен бірге тұрамын деп шештім. Бірақ оны басқа біреулер асырап алған. Мені ешкім жұмысқа алғысы келмейді. Өмір сүруге ақша жоқ. Сондықтан бомба туралы айтып, зонаға қайтып ораламын деп ойладым…», — деп жауап берді Журавлева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: