Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Альварес Головкинмен реваншқа келісімін берді

Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр.

Сурет : inform.kz20 Желтоқсан 2017, 10:19

Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес «Канелоның» Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім бергендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз реванш бойынша нәтижелі келіссөздерді жүргізудеміз. «Канело» жекпе-жекке шыққысы келеді, ол бізге келісімді аяқтауға зор мүмкіндік. Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсат - реванш. Енді тек кейбір түйінді мәселелерді ғана шешу қалды», - деді Гомес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан келіссөздер жаңа жылға дейін жалғасы мүмкін. «Біз Головкиннің өкілдерімен жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. Том Леффлер Германияда сапармен жүр. Ол GGG-мен сөйлесіп, бізге жауабын беретін болады», - деді Golden Boy өкілі.

Айта кетейік, Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің қарымта жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер