Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада алып сәби дүниеге келді

Елордалық № 3 перинаталдық орталықта салмағы 5 400 грамм қыз бала дүниеге келді.

Сурет : astana.gov.kz20 Желтоқсан 2017, 15:50

Дәрігерлердің айтуынша, ол Астанада соңғы 20 жылда осындай ауыр салмақта туған үшінші қыз бала, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Нәресте 13 желтоқсанда дүниеге келді, оның туғандағы салмағы 5 400 грамм болды. Босану еш қиындықсыз өткен. Босанғаннан кейінгі кезең де қалыпты болды. Сәби мен оның анасының жағдайы қалыпты күйінде үйіне шығарылды», - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында № 3 перинаталдық орталықтың босану бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әлімжан.

Ата-анасы екі ұлдан соң туған алып қыздың есімін Жаннұр деп қойыпты.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, бас қалада салмағы 5 584 грамм болған алғашқы алып қыз 2003 жылы № 2 перинаталдық орталықта туған. Ал 2014 жылы дүниеге келген екінші алып қыздың салмағы 5 750 грамм болды. Сондай-ақ, осы жылы елордадағы ең ауыр салмақтағы ұл бала дүниеге келді. Оның туғандағы салмағы 5,5 кг көрсетті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер