Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхамедиұлы украиналық «Голос. Діти» конкурсының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

bnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 17:38 bnews.kz
Кездесу барысында Данэлия Төлешова жақында өткен телевизиялық шоу жайлы әсерімен бөлісіп, өзінің жоспарлары туралы айтады.

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы украиналық «Голос. Діти» телевизиялық конкурсының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездеседі, - деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесу барысында Данэлия Төлешова жақында өткен телевизиялық шоу жайлы әсерімен бөлісіп, өзінің жоспарлары туралы айтады.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық 11 жасар Данэлия Төлешова Украинадағы «Голос. Діти» ән байқауында жеңіске жеткен еді. Ол ақтық сында Океан Эльзы тобының «Не твоя війна» әнін украин тілінде орындады.

Байқаудың алғашқы кезеңінде 11 жасар Данэлия Төлешова украиналық шоудың «Көрмей таңдау» деп аталатын алғашқы кезеңінде Деми Ловатоның репертуарынан «Stone Cold» әнін орындаған соң-ақ көпшілікке танымал болды.

Қазіргі кезде бұл видеоны әлем бойынша 7 миллионнан астам адам көріп үлгерген. «Голос. Діти» жобасының алғашқы кезеңінде әділқазыларды таңдандырған алматылық қызды Димаш Құдайбергенов мақтаған болатын.

Кейіннен украиналық шоудың әділқазылар алқасын таңқалдырған Данэлия Төлешованың анасы BNews.kz тілшісіне қызының ерекше есімі мен оның армандары туралы айтып берген болатын. Данэлия жартылай финалда Андра Дэйдің репертуарынан «Rise Up» композициясын орындап, кезекті рет жұлдызды тәлімгерлерді таңдандырған болатын. Данэлияның жеке тәлімгері MONATIK және басқа да әділқазылар алқасы алдарында әлемдік деңгейдегі болашақ жұлдызды көріп тұрғандарын айтып, жас қыздың ерекше дарынды екенін атап өткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: