Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғайтын пилоттық жоба қолға алынды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 01:50 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің memkyzmet.kz сайтында орналастырылды.

Еліміздің Астана қаласы, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмыс белсенділігін арттыру мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Пилоттық жоба аясында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің азаматтарды қабылдау, көшпелі кездесулер өткізу кестелері бекітілген. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің memkyzmet.kz сайтында орналастырылды. Нәтижесінде азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін департаментке емес, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне тікелей шағымдануға барлық жағдайлар жасалып отыр.

Таяуда пилоттық жобаны халыққа таныстыру үшін облысымыздағы әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Сарыағаш, Созақ аудандарына арнайы барып, жергілікті халықпен кездесу өткізді. Кеңес мүшелері Ә. Досболов пен «Азаматтық Альянс» ассоциациясының мүшесі А.Ахметов жеке қабылдау өткізіп, бірқатар іссапарға барған мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығындары төленбегенін анықтаған.

Осы кемшіліктің негізінде облыстың барлық аудан, қала әкімі аппараттарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан 1824 қызметшінің іссапар шығындары өз уақытында төленбегені анықталып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мақсатында А.Ахметовтың ұсынысымен аталған мәселе әдеп жөніндегі кеңестің отырысында талқыланып, тұрақты түрде мониторинг жүргізетіндігі жөнінде тиісті хат жолданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: