Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылы халықаралық жәрмеңке өтеді

Strategy2050.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2017 15:53 Strategy2050.kz
Жобаның негізгі мақсаты туристік саланың спорт түрлерін дамыту болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани Қазына» бағдарламасы бойынша 2018 жылға мынадай жобалар жоспарлануда: 2018 жылдың бірінші жартысында халықаралық жәрмеңке ұйымдастырылады, ал екінші жартысында «Оңтүстік туризм-2018» форумы жоспарланған; жылдың тамызында «Біздің тауларымыз» фестивалі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның негізгі мақсаты- спорттық туризм салаларын дамыту; «Бабалар мұрасы ізімен» жобасы бойынша «Отырар» областық ғылыми кітапхана қолжазбаларының жинағын байыту жоспарланып отыр; «Ақпарат толқыны» бағдарламасына сәйкес 2 іс-шара жоспарланған, атап айтсақ «Нан қасиеті» ток-шоуы мен «Аңызға толы атаулар» мото экспедиция.

ОҚО-да 1036 оқу орындарында 640 мың оқушы мен студенттердің қатысуымен «Рухани жаңғыру» пәні бойынша ашық сабақтар өткізіледі.

«Өлкетану» жобасы аясында облыстың тарихи және қасиетті жерлеріне 32,7 мың оқушы мен студенттер ұйымдастырылып, экскурсия ұйымдастырды.

Қазіргі кезде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары республика бойынша 100 нысан (қасиетті және киелі жерлер) қалыптастырды, олардың 24 нысаны - Оңтүстік Қазақстан облысында. Бұл көрсеткіш басқа облыстармен салыстырғанда екі есе көп.

Оған қоса, өңірдегі киелі жерлер тізіміне қосылған, экспедиция болған Сайрам ауданындағы тарихи Ханқорған қалашығында археологтар мен сәулетшілердің қатысуымен біріккен отырыс өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: