Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ОҚО-да Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін зерттейді

«Рухани Қазына» кіші бағдарламасы 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Туған жер – туған ел»; «Қасиетті Қазақстан»; «Заманауи Қазақстандық мәдениет».

Сурет : magnolia.kz23 Желтоқсан 2017, 07:06

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес арнайы төрт кіші «Туған жер»: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ОҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рухани Қазына» кіші бағдарламасының мақсаты - Қазақстан халқының тарихи сана-сезімін дамыту, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін зерттеу және қазақ мәдениетін дәріптеу арқылы ұлттық және мәдени сәйкестікті сақтау.

Кіші бағдарламаның басымдықтары: мәдени мұраны насихаттау мақсатында мұражайлар, театрлар, кітапханалар үлесін ұлғайту; Рухани құндылықтарды насихаттау; ОҚО қасиетті жерлерінің виртуалды картасын жасау.

«Рухани Қазына» кіші бағдарламасы 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Туған жер – туған ел»; «Қасиетті Қазақстан»; «Заманауи Қазақстандық мәдениет».
Бүгінгі күні 16 іс-шара өткізілді, атап айтқанда, «Туған жер – туған ел» аясында 13 іс-шара, ал «Қасиетті Қазақстан» 3 іс-шара.

2017 жылғы 15-16 қарашада «Туристік маршруттар» кіші жобасы шеңберінде «Оңтүстік туризм INVEST-2017» халықаралық форумы Шымкентте «Silk Road fair» жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараға туристік саланың халықаралық ұйымдары мен сарапшылары қатысты, онда туристік әлеуетті дамыту мәселелері, облыстың туристік саласының инфрақұрылымдық жобаларына инвестициялар тарту және басқа да проблемалық мәселелер талқыланды.

2017 жылы көктемгі және күзгі кезеңдерде іске асырылатын «Ажарлы үй – ырысты» кіші жобасы іске қосылды. Осы жобаның шеңберінде өңірлерде, қалаларда, елді мекендерді жақсарту мақсатында 797 белсенді жас волонтер көмекке мұқтаж 786 отбасына көмектесті. Олар аулаларды тазартуға, қоршауларды, қақпаларды бояуға көмектесті.

Бүгінгі күні «Отырарды қорғау» и «Күш атасы – Қажымұқан» атты фильмдер түсірілді және жұртшылыққа ұсынылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер