Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстікқазақстандықтар "Рухани жаңғырудың" ішкі бағдарламаларына белсенді түрде қатысады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2017 01:42 Zakon.kz
«Рухани Қазына» мен «Тәрбие және білім» бірнеше негізгі бағыт бойынша жүзеге асады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдан бастап "Рухани жаңғыру"-дың "Рухани Қазына" мен "Тәрбие және білім" ішкі бағдарламалары бойынша 60 тан астам шара өткізілді, - деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Рухани Қазына" ішкі бағдарламасының мақсаты мен міндеті ұлттық-мәдени сәйкестікті Қазақстан халқының тарихи санасын дамыту арқылы сақтап қалу, Қазақстанның мәдени-географиялық белбеуін зерттеу және қазақстандық мәдениетті дәріптеу.

Бағдарламаның артықшылығы:

-халыққа мәдениетті дәріптеу мақсатында мұражай, театр, кітапханалар санын өсіру;

- рухани құндылықтарды насихаттау;

- ОҚО-ның киелі жерлерінің виртуалды картасын жасау.

"Рухани Қазына" ішкі бағдарламасы үш негізгі бағыт бойынша іске асады: «Туған жер – туған ел», «Қасиетті Қазақстан» және «Заманауи Қазақстандық мәдениет».

Бүгінгі күні жалпы есеппен 252,58 млн теңгеге 16 шара жүзеге асты. "Туған жер - туған ел" негізгі бағыты бойынша 13 іс-шара 150,08 млн теңгеге іске асты. "Қасиетті Қазақстан" бойынша - үш іс-шара 102,5 млн теңгеге.

"Туристік маршрут" ішкі жобасының аясында 2017 жылдың 15-16 қарашасында Шымкент қаласында «Ontustik tourism.INVEST-2017» халықаралық форумы мен «Silk Road fair» жәрмеңкесі өтті. Шараға халықаралық мекемелер мен туристік саланың сарапшылары қатысты. Туристік қабілеттілікті дамыту, өңірдің туристік саладағы инфрақұрылымдық жобаларына инфестиция құю және басқа да мәселелер талқыланды. Аталған іс-шараны өткізу үшін облыстық бюджеттен 9,1 млн теңге бөлінді.

2017 жылы көктем және күз мезгілінде іске асатын "Ажарлы үй - ырысты" ішкі жобасы басталды. Аталған жоба барысында облыста, қалада 797 белсенді жас еріктілер көмекке мұқтаж 786 отбасыға, облыстағы 10 мешітке көмек көрсетті. Олар ауланы тазалауға, қоршауларды, қақпаларды бояуға және басқа да жұмыстарға көмектесті. Сонымен қатар, "Отырарды қорғау" және "Күш атасы - Қажымұқан" фильмдері түсіріліп, қоғамға ұсынылды.

Бәсекеге қабілетті, мықты, патриот, белсенді, ауызбіршілігі мол ұлт болу мақсатында білім беруге арналған "Тәрбие және білім" ішкі бағдарламасы жарқын болашақтын іргетасын қалыптастырады.

Ішкі бағдарламаның міндеті бағдарламаны іске асыруға ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды, бизнес-құрылымды, қоғамдық институттарды жұмылдыру, жоспарлау, саралау, толықтыру және ішкі жобалар мен шараларды аяқтау.

Бағдарламаның артықшылығы:

- дұрыс мүддені қалыптастыру мен өмірде білімді практикалық түрде қолдану;

- білім үрдісіне жобалық қызметті кіргізу;

- халықаралық білімге жол ашу.

"Тәрбие және білім" ішкі бағдарламасы үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асады: «Өлкетану», «Саналы Азамат» және «Отаным - тағдырым».

Қазіргі кезде 18 ішкі жоба іске асты. Жалпы алғанда жергілікті бюджеттен 73,42 млн теңгені құрайтын сомаға 63 іс-шара, "Отаным - тағдырым" негізгі бағыты бойынша - 5 ішкі жоба. 8,52 млн теңгеге 14 шара. "Өлкетану" - 4 ішкі жоба. 14,4 млн теңгеге 15 іс-шара. "Саналы Азамат" - 9 ішкі жоба, 50,5 млн теңгеге 24 шара іске асты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: