Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Оңтүстікте балғындарға арналған Президенттік шырша өтті

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға қыстық жылы киімдер мен ноутбук үлестірді.

Сурет : ОҚО әкімінің баспасөз қызметі24 Желтоқсан 2017, 16:05

Шымкент қаласында облыстың әр түкпірінен келген балаларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Асқақ ордам - Астана» атауымен шырағын жаққан жасыл шырша жанында халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға қыстық жылы киімдер мен ноутбук үлестірді.

«Сіздер, бүгін Президенттік Жаңа жылдық шыршасына қатысып отырсыздар! Бұл - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің жарқын болашағы – Сіздерге деген үлкен құрметі. Жаңа жыл – барша қазақстандықтарға және көптеген мемлекеттер үшін де ерекше ықылас, зор үмітпен келер жылдан жақсылық күтетін мереке. Бүгінгі мереке мен сыйлықтар сендерге естен кетпейтін, ерекше жарқын күн сыйласын. Мен сендерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!», - деді әкім
.

2017 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылары толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығында 1 маусым күні балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруі тұңғыш рет өткізіліп, республикалық деңгейде жоғарғы бағаға ие болды.

Сондай-ақ, республикада тұңғыш рет «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты шығармашылық кино фестивалі Оңтүстік өңірде бірінші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде облыстың командасы ІІ жүлделі орынды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадада Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан 40 оқушының 16-ы жүлдегер атанса, қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қатысқан 35 оқушының 14-і жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, Президенттік олимпиадаға облыстан қатысқан 8 оқушының 4-еуі үздік шықты. Қорыта айтқанда, жалпы халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарға біздің облыстан қатысқан 6673 оқушы жеңімпаз атанды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер