Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да мемелекеттік бағдарламалар ауыз толтырып айтар нәтиже берді

static.wixstatic.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2017 15:54 static.wixstatic.com
2017 жылдың қаңтар-қазан айында өнеркәсіп кәсіпорындары 683,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7 млрд. теңгеге өнім көлемі артты.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп, кәсіпкерлік салаларында ілгері даму байқалады. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өнеркәсіп

2017 жылдың қаңтар-қазан айында өнеркәсіп кәсіпорындары 683,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7 млрд. теңгеге өнім көлемі артты. 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 101,2%-ды құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 467,8 млрд. теңгені, 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104,0%-ды құрады.

Өндіріс көлемінің өсімі келесі салаларда байқалады:

– тамақ өнімдерін өндіру – 106,3%;
– жеңіл өнеркәсібі – 126,9%;
– химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 114,4%;
– фармацевтикалық өнімдер өндіру – 122,4%;
– резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 112,1%;
– өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 110,6%;
– металлургия өнеркәсібі – 114,9%;
– дайын металл бұйымдарын жасау – 113,0%;
– машина жасау – 131,9%.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн. теңгеге, 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда облыста 54,8 млрд. теңгені құрайтын 57 жоба іске асырылды (2015ж. – 25 жоба, 2016ж. – 19 жоба, 2017ж. – 13 жоба), онда 2100 астам жұмыс орны ашылатын болады.
2017 жылы жалпы сомасы 37,1 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылады. Ағымдағы жылдың қаңтар қараша айында 9,4 млрд. теңгеге 13 жоба іске асырылып, 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Индустриялды аймақтар

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 959 га құрайтын 11 индустриялды аймақ құрылған.

Қазіргі уақытта 9 индустриялды аймақтарында (ауданы 699 га) инфрақұрылым тартылған (Шымкент қ. «Оңтүстік» ИА және «Тассай» ИА, Түркістан қаласы, Кентау қаласы, Созақ ауданы, Шардара ауданы, Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтарал ауданының ИА).

Бұдан бөлек, в 2 ауданда (Бәйдібек ауданы, Ордабасы ауданы КТИА (Бадам),) инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде (жалпы ауданы 260 га).

Бүгінгі күнде облыстың индустриялды аймақтарында жалпы құны 155,2 млрд. теңгені құрайтын 169 жоба жүзеге асырылуда, онда 9 мың жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. 169 жобаның 68 жобасы іске қосылып, 4 мың жұмыс орындары ашылып, бұл жобаларға 34,8 млрд. теңге инвестиция тартылды (68 жобаның 46 жобасы «Оңтүстік» ИА іске қосылған).

2017 жылы жалпы сомасы 7,7 млрд. теңгені құрайтын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айында 1587,3 млн. теңгеге 8 жоба іске қосылып, 221 жұмыс орны ашылды.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (АЭА)

Тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту мен қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін жасап шығару үшін облыста «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс жасауда.

Бүгінгі күнде «Оңтүстік» АЭА 27,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 1296 жаңа жұмыс орны ашылған 10 жоба іске асырылды.

Көліктік-логистикалық аймақтар

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен Қазақтанның еуразиялық көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптасуы тұрғысында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыру мақсатында көліктік-логистикалық аймақтарын салуға Шымкент (92 га), Түркістан (20 га) қалалары және Мақтарал (9 га) ауданында жер бөлінген.

Шымкент қ. КЛА Халықаралық әуежайынан 2 шқ, «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізінен 4 шқ және Трансазиялық теміржолы магистралінен 500 метр қашықтықта орналасқан. Орналасуының ыңғайлылығы жүкті тасымалдау шығындарын көліктің кез келген түрінен оңтайландыруға мүмкіндік береді (авто, авиа тасымалдау, локомотивты жылжымалы құраммен тасымалдау).

Орталық жақын орналасқан аудандарының жыл сайынғы 615 мың тонна көкөніс және жеміс өнімдерін ұзақмерзімді сақтау және қайта өңдеу үшін құрылуда. Сонымен бірге, импортталатын тауарларды тарату, уақытша сақтау қоймасы және кедендік бекет қызметін атқаратын болады. Бүгінгі күнге келесі 8 жеке инвестициялық жоба жүзеге асуда.

Шымкент қаласы КЛА инфрақұрылымы құрылысы үшін 2011-2014 ж.ж. аралығында «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 1 543,0 млн. теңге бөлініп, КЛА аймағын абаттандырудың I-ші және II-ші кезеңі жүргізілді. Бөлінген бюджет қаражаты есебінен келесі нысандар салынды: теміржол жолдары, газөткізгіш желісі, автомобиль жолдары, су тарату нысаны, су құбыры мен кәріз желілері, қосалқы станция мен электір таратқыш желілері, телекоммуникация желісі.

2017 жылдың 6 желтоқсанында ҚР Президентінің қатысуымен Индустрияландыру күніне арналған жалпы ұлттық телекөпір арқылы «Continental Logistics Shymkent» ЖШС-нің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Түркістан қ. КЛА Түркістан, Кентау, Арыс, Бәйдібек, Отырар аудандарының өндіретін 520 мың тоннаға дейін көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, шоғырландыру және одан әрі ҚР батыс облыстарына жөнелту орталығы ретінде құрылуда. Бүгінгі күнге 1 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Мақтарал ауданының КЛА бақша өнімдерін жинау, салқындату (кулинг), тиеу, сондай-ақ Мақтарал және Шардара аудандарының істен шығарылған өнімдерін қайта өңдеу, одан әрі экспорттау мақсатында құрылады. Бұл аудандарда 1100 мың тоннаға дейін көкөніс және жеміс-жидек, оның ішінде 930 мың тонна бақша өнімдері өндіріледі. Сонымен қатар, орталық ауданға жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдерін ұзақ уақыт сақтауға, импортқа шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге 1 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы 2017 жылға Бағдарлама аясында 4 285,3 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп, қазіргі таңда 460 жобаға қолдау көрсетілген.

Бағдарламаның бағыттары бойынша:

1) Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қолдау құралы бойынша жалпы 3 905,8 млн.теңге бөлініп, 416 жоба субсидияланған;
2) Банк кредиттерін ішінара кепілдендіру қолдау құралы бойынша жалпы 58,0 млн. теңге бөлініп, 32 жоба кепілдендірілген;
3) Өз бизнесін бастауға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша жалпы 29,0 млн. теңге бөлініп 10 грант ұсынылған;
4) Жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қолдау құралы бойынша 2 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 292,5 млн.теңге бөлінген.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 2017 жылы Үкімет тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама қытсушыларына 6% көлемінде жеңілдетілген несие қаражаттары 7 жыл мерзімге беріледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – өздігінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыздарға шағын несиелеуге қол жетімділігін қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде облыстың маңызы бар қалалық (Шымкент, Түркістан, Кентау) жерлердегі кәсіпкерлерді қаржыландыру мақсатында 2017 жылға жалпы 2 494,4 млн. тг. қаржы қарастырылған.

Оның ішінде:

- шағын кәсіпкерлікті несиелендіруге – 2 476,4 млн.тг.
- кепілдендіруге – 18,6 млн.тг. қарастырылған.
Бүгінгі таңда банктер тарапынан 39 жобаға 388,7 млн. теңге көлемінде несие берілген.
Кепілдендіру шартына сәйкес 2 жобаға 3,5 млн.теңгеге кепілдік шарты түзілген.

Инвестиция

2017 жылдың 10 айында облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 374,9 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 129,1% өскен.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 114,6 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 3,0 есеге өскен. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада 1 орынды иеленді.

Экспорт

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2153,3 млн. АҚШ долларын немесе 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 122,5% құрады, оның ішінде экспорт 827,6 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен 179,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі сауда серіктестері Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Нидерланды, Қытай және Ауғанстан.

- Ресейге: ет, балық, көкөніс өнімдері, жеміс-жидектер, ұн, өсімдік май, дәрі-дәрмектер экспортталады;
- Өзбекстанға: көкөніс өнімдері, жүгері, бидай, май өнімдері (соя майы, пісте майы, мақсары майы), жеміс-жидектер, консервілер, мал азығы, құрылыс материалдары (цемент, ағаш, керамикалық плиткалар, алюминий сымдар), метал өнімдері (бұрыштар, темір шыбықтар, жартылай өңделген темір), пластмасса қалдықтары, картон қағаз; трансформаторлар, минералды заттар, асбест, битум;
- Нидерландыға: мұнай өнімдері, металл сынықтары;
- Қытайға: өсімдік өнімдері, өсімдік майы (мақта, мақсары, күнбағыс), ірі, қара малдың терісі, жүн, химиялық элементтер, темір концентраттар;
- Ауғанстанға: қосалқы бөлшектер, насостар, тауық жұмыртқасы, көкөніс өнімдері, күріш, бидай, өсімдік майы, мұнай газы.

Облыстағы ірі экспорттаушылар:

- тамақ саласында: «Алтын дән» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, «Дани-Нан-Group» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, СПК «Хамит», «Шардара-Балық 1» ЖШС, «ЮНИКС» ЖШС, «Рауан» ЖШС;
- жеңіл өнеркәсібінде: «AZALATextile» ЖШС, «ХлопкопромЦеллюлоза» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, «Turan-Skin» ЖШС;
- машина жасау саласында: «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС;
- металлургия және металлдан дайын бұйымдар өндіруде: «FERRUM-VTOR» ЖШС, «Gold aluminium» ЖШС;
- фармацевтика өнеркәсібінде: «Химфарм» АҚ, «Сейітбек Әулеті» ЖШС;
- құрылыс индустрияда: «Шымкентцемент» АҚ, «Стандартцемент» ЖШС, «Завод Триумф ММС» ЖШС («АSPAN» маркасымен).

Ішкі сауда
Нарықтық бағаны тұрақтандыру тұрғындарды арзан әрі сапалы азық-түлікпен қамтамамыз ету мақсатында облысымызда игілікті шаралар атқарылуда. Дәл осындай мақсатта соңғы 3 айдың көлемінде облыс бойынша 34 әлеуметтік дүкендер ашылды. Бұл әсіресе зейнеткерлер мен көп балалы жанұяларға өте тиімді. Дүкен иелері халық тұтынатын әлеуметті маңызы бар тауарларды төмен бағамен сатпақ, мұнда баға өзге сауда орындарына қарағанда анағұрлым арзан.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар мен көп балалы отбасыларға қамқорлық жасау шаралары жалғаса беретін болады. Мұндай игілікті шаралар мұнымен тоқтамақ емес, алдағы уақытта облыстың бірнеше аудандары мен елді мекендерінде әлеуметтік дүкендер ашу жұмыстары жалғасын табады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: