Жаңалықтар тізбегі
0

Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

i.onthe.io, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2017 15:03 i.onthe.io
Республиканың басым бөлігінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 18-23, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетуі мүмкін.

Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с жетеді.

Павлодар облысында бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: