Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
Үш баланың анасы неге екені белгісіз, төртінші баласына жүкті болған кезде гинекологқа есепке тұрмаған.

Уфада мұғалім мектепте босанып, баланы сөмкеге жасырып қойған, сәби шетінеп кетті, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жедел жәрдем көлігі қансыраған әйелді ауруханаға жеткізді. Ол болған жайтты жасырмай айтқан. Оның сөмкесіндегі баланы дәрігерлер тауып алыпты.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, әйел бұған дейін үш баланы дүниеге әкелген, неге екені белгісіз, төртінші баласына жүкті болған кезде гинекологқа есепке тұрмаған.

Тергеушілер оқиғаның-мән-жайын анықтап жатыр. Әйелдің өзі бала өлі туғанын айтқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз