Жаңалықтар тізбегі
0

Америкада тұратын қазақстандық скрипкашы Астанада өнер көрсетпек

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 17:17 Хабар 24
Ордабек Дүйсен Еуропа, Азия және Америка елдерінде үлкен жетістікпен өнер көрсетті.

«Астана Опера» камералық-симфониялық оркестрі мен солист Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ) «Мәңгі өшпес музыка» атты концерт ұсынбақ, - деп хабарлайды Хабар 24.

28 желтоқсан күні театрдың Камералық залында дарынды скрипкашы Ілияс Дүйсен дирижер ретінде алғаш рет өнер көрсететін болады.

Белгілі қазақстандық скрипкашы Ордабек Дүйсен – «Даллас Опера» (АҚШ) симфониялық оркестрінің концертмейстері, Колима қаласындағы (Мексика) Өнер университетінің Құрметті әртісі және шақырылған профессоры, Форт Уорт қаласындағы (АҚШ) симфониялық оркестрдің әртісі, Грацтағы (Австрия) AIMS фестивалінің бас концертмейстері. Музыканттың шығармашылығы көптеген марапатпен аталып өткен. Ол – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Профессорлар Раиса және Айман Мұсақожаевалардың сыныбында Қазақ ұлттық музыка академиясын, профессор Эдуард Шмидердің сыныбында Техас штатындағы (АҚШ) Даллас университетінің аспирантурасы мен магистратурасын тамамдаған.

Ордабек Дүйсен Еуропа, Азия және Америка елдерінде үлкен жетістікпен өнер көрсетті. Ордабек пен Ілияс Дүйсен – музыкалық әулетті абыроймен жалғастырып келеді. Олардың әкесі – күйші-домбырашы, анасы мен апасы – пианистер.

Осы кеште көрермен назарына австриялық классиктер Йозеф Гайдн мен Вольфганг Амадей Моцарттың шығармашылығы ұсынылады. В.А.Моцарттың №29 симфония ля мажор (К. 201) туындысы шырқалады. Бір қызығы, музыкалық тақырыптарға толы әрі ауқымы кең, шығару тәсіліне қарай керемет болып табылатын бұл шығармаларды ұлы композитор 17 жасында шығарған екен.

Ордабек Дүйсен концерттік бағдарламаны таңдауын былай деп түсіндірді:

- Осы кеште алғаш рет Й.Гайднның соль мажор оркестрмен скрипкаға арналған концертін орындаймын. Отанымда өнер көрсету – мен үшін үлкен мәртебе, осындай керемет мүмкіндікті ұсынған үшін театр директоры Ғ.А.Ахмедьяровқа алғысымды білдіремін. Бұл концерттің мен үшін тағы бір ерекшелігі туған ініммен бірге ойнайтын боламын. Барлық әртістің атынан барша тыңдарман қауымды музыканың осынау ғажап сәттерін бізбен бөлісуге шақырамыз!

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: