Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік атақ алған Абай Бегей әріптестерінің сынына ұшырады

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 21:45 Stan.kz
Әнші жұрттың жағымсыз пікір айтатынын да алдын ала біліпті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар әртістер мемлекеттік марапат пен атаққа ие болды. Бүркіт, Маржан Арапбаева сынды өнер иелері “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды. “Аспанға қараймын” әнімен танылған Абай Бегей де билік назарынан тыс қалмады. Бұл туралы әнші 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Ол “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Алайда әншінің атақ алғанын желі оқырмандарымен қоса, әріптестері де теріс қабылдаған сыңайлы. Себебі өзге әріптестерін құттықтаған шоу-бизнес өкілдері Абай Бегейді ұмыт қалдырған.

“Мен ол атақты арнайы сұрап алған жоқпын. Шақырды, бардым. Барғаннан кейін алмай кетіп қала алмайсың. Беріп тұрған соң, аласың. Ешкім құттықтамаған кезде осы атақты бекер алдым ба деп қалдым. Бірақ әдейілеп құттықтамай жатыр деп ойламаймын, мүмкін уақыттары болмай жатқан шығар. Сонда да біреудің алдына түсіп кетсем, айып етпеңіздер деп Instagram арқылы кешірім сұрадым”, – дейді Абай Бегей.

Әнші жұрттың жағымсыз пікір айтатынын да алдын ала біліпті.

“Алған соң шамамен Instagram-да қандай пікірлер жазылатынын білдім. Дәл айтыппын. Желідегілер “Аспанға қараймынды” айтқаны үшін алды ма? Қай еңбегі үшін?” деп жазды”, – деп күрсінді Абай Бегей.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 21:45

Алайда бірқатар әріптестері Абай Бегейдің мемлекеттік марапатқа әбден лайық екенін айтады.

“Абай ағамыздың “Аспанға қараймынға” дейін де бірталай есті әні бар. Тек жұлдызын жаққан осы ән”, – деген Нұрболат Абдуллин Абай Бегейді жақсы түсінетінін айтты.

Себебі бір кездері Нұрболат та дауыс диапазонын көрсететін, күрделі әндер шырқап, ел көңілін аулауға тырысқан. “Алайда жұрт көңілді, билеуге келетін “Сүйгенің қайда” әнінен кейін мені сұрай бастады”, – дейді Нұрболат.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: