Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында ауылдасын өлтірген мектеп психологы тоғыз жылға сотталды

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 23:31 Тoday.kz
Сот үкімін тыңдауға қайтыс болған азаматтың әйелі мен бес баласы келді.

Павлодар облысында өз ауылдасы Владимир Зиненконы өлтірген мектеп психологы тоғыз жыл бас бостандығынан айрылды. Қайтыс болған азаматтың туыстары аппеляциялық шағым түсірмекші, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Today.kz порталына сілтеме жасап.

Сот үкімін тыңдауға қайтыс болған азаматтың әйелі мен бес баласы келді. 61 жастағы Владимира Зиненконы күдікті азамат теуіп тастаған. Ер адамдар бірге спиртті ішімдік ішкен.

«ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеу үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін», - деп сот үкімін оқыды.

Тергеу деректеріне сүйенсек, Владимир Зиненконың өліміне оның ауруы түрткі болған. Ер адам туберкулездің ашық түрімен ауырған. Бұл туралы ол мектеп психологына үстел басында айтқан. Бірақ қайтыс болған адамның туыстары ол кезде оның дені сау болды деп отыр. Зиненконың қызының айтуынша, бұл туралы Қозыкеткен ауылының барлық тұрғыны біледі.

«Біздің ауылымыз кішкентай ғана. Оның ауырғаны, кейін емделіп, үйге келгені туралы барлығы біледі. Павлодарда ол барлық талдаудан өтті, оның дені сау деген анықтамасы да бар», - деді қайтыс болған ер адамның қызы Валентина Малык.

Сот моральді зардап тигізгені үшін жазылған арызды ішінара қанағаттандырды. Сотталған азамат қайтыс болған ер адамның әйелі мен балаларына 1 миллион теңгеден, жалпы сомасы алты миллион теңге төлеу керек.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Павлодар облысы Қозыкеткен ауылында осы жылдың қыркүйегінде болды. Туыстарының айтуынша, Вламидир Зиненко мектеп қызметкерімен бірге Ұстаздар күнін тойлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: