Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматылық такси жүргізушісі америкалықтан жолақыға 40 мың теңге алған

Еліміздің имиджіне теріс ықпал ететін жайтты полицияға қонақ үй қызметкерлері хабарлаған.

Сурет : stan.kz28 Желтоқсан 2017, 09:53

Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері АҚШ азаматының ақшасын қайтаруға көмектесті. Жеке тасымалдаушы шетелдіктен Алматы халықаралық әуежайынан “Қазақстан” қонақүйіне дейін 40 мың теңге алған, -деп хабарлады stan.kz ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

“Қонақ үй қызметкерлері дабыл қағып, “102” пультіне болған жайтты хабарлады. Біз дереу жүргізушінің жеке тұлғасын анықтап, оны Ішкі істер басқармасына шақырдық.

Ер адам шетел азаматының қаланы білмейтінін пайдаланып, жолақыны әдейі көтеріп айтқанын мойындады. Ол 53 жастағы әйелге ақшасын қайтарып берді”, — дейді Медеу ауданы ІІБ бастығы Болат Тотыбаев.

Полиция майорының айтуынша, АҚШ азаматы қайырымды қазақстандықтарға көмек көрсеткені үшін алғыс айтқан.

“Сонымен қатар, біз такси жүргізушісіне еліміздің имиджіне теріс ықпал ететін мұндай фактілерге жол бермеу керек екенін түсіндірдік”, — деп түйіндеді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер