Назерке Әріпті өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты

29 Желтоқсан 2017, 09:44
Сурет: InAlmaty

18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген Құрбан Исхаковты 21 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Zakon.kz InAlmaty.kz-ға сілтеме жасап.

Сот отырысы ауданаралық арнайы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотта жабық түрде өтті.

«Үкім шығарылды, бірақ біз істі апелляцияға береміз. Ол өткен жолы да мерзімін толық өтемеген. Үлгілі тәртібі үшін ерте босатқан. Осы жолы да солай болмасқа кім кепіл береді», - деді Назеркенің анасы Сәуле Сарбаева.

Анасының айтуынша, айыпталушы тек «Адам өлтіру» бабы бойынша сотталған, «Зорлау» бабы қолданылмаған. Дәлел жоқ деп ескермеген.

«Қандай дәлел керек. Екі айдан кейін қызымнан ештеңе қалмаған», - деді ашынған ана.

Еске сала кетейік, 18 жастағы Назерке Әріп 10 шілде күні із-түссіз жоғалды. Алматы облысына қарасы Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. 4 қыркүйекте қыздың денесі табылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?