Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының әкімі жетістікке жеткен өңір жастарымен кездесті

Вnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2017 17:38 Вnews.kz
Кездесуде өңір басшысы облыста жыл ішінде атқарылған шаралар, қолға алынып жатқан іргелі жобалар туралы айтып берді.

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов биыл үлкен жетістікке жеткен, айтулы шараларда жас жүлдеге ие болған жас дарындарды қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz.

Аймақ басшысымен кездескендердің қатарында мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, халықаралық «Рух», «Алтын домбыра», «Мен қазақпын» және басқа да байқаулардың жеңімпаздары бар.

Кездесу барысында өңір басшысы облыста жыл ішінде атқарылған шаралар, қолға алынып жатқан іргелі жобалар туралы айтып берді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асыру барысына тоқталып өтті.

«Жаңа жылды қарсы алып, өткен жылдағы жұмысты қорытындылар шақта сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Жалпы бұл жыл облыс үшін жақсы жаңалықтарға толы болды. Біз үшін әлеуметтік-экономикалық дамумен қатар қоғамның рухани дамуы да аса маңызды. Сіздердің әрқайсыларыңыз осы жылы өз салаларыңызда үлкен жетістіктерге жетіп, жоғары марапаттарға ие болдыңыздар, түрлі республикалық, халықаралық конкурстарда жеңіске жеттіңіздер. Сіздерді тағы да өз атымнан және Жетісу жұртшылығының атынан құттықтаймын», - деді Амандық Баталов.

Кездесуге қатысушылар өздеріне қолдау білдіргені және өңірде мәдениет пен өнердің дамуына барлық жағдайды жасап отырғаны үшін облыс әкіміне ризашылықтарын білдірді. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жас ғалым Елдос Тоқтарбай биылғы жылы облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар жастардың кітаптары жарық көргенін, бұл өз кезегінде әдебиетті қолдауға жасалған зор қамқорлық екенін атап өтті.

Басқосуда жас өнерпаздар өздерінің болашақ жоспарлары жайында баяндап, ұсыныстар облыс басшылығы тарапынан қолдау тапты.

А. Баталов кездесу соңында қоғамдық сананы жаңғырту бір жылдың жұмысы емес екенін, оған зиялы қауымның жас өкілдері де үлес қосуы тиіс екенін атап өтті. Жас дарындарға шығармашылық табыс тілеп, жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: