Сырдарияда су деңгейі көтерілді

Baq.kz Baq.kz
Тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.

Су басу қауіпінің алдын алу мақсатында ПМК-29 аумағын бекіту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Baq.kz Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы 28 желтоқсанда өзен арнасындағы мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшердегі судың түсуінен тұрғын жайдың ауласына су жайылған.

Жалпы ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын ала ескертпе хаттар таратылған.

Саяжайда барлығы 36 тұрақжай бар. Оның ішінде адамдардың қысы-жазы тұрақты тұрып жатқаны 2 отбасы.

«Осыған байланысты, бекітілген жауапты мекемелердің арнайы техникаларын 6 жүк көлігі, 1 трактор, 1 экскаватор жұмылдыра отырып, су жайылудың алдын-алу мақсатында топырақпен бекіту жұмыстары жүргізілуде. Саяжайды су басу қауіпі туындаған жағдайда алдын алуға жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдар дайын», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз