Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық дәрігерлер балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне тегін ота жасады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 15:41 Хабар 24
Балаларға тегін операция «Help Today» қоғамдық қорының «Шекарасыз денсаулық» бағдарламасы бойынша жасалды.

Алматылық дәрігерлер облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық ерекше тарту жасады. Олар түрлі сыйлықтардан бөлек екі балаға тегін операция жасады. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.

Шыршаны қуана безендіріп жүрген Кирилл Беляев екі апта бұрын осындай ғажайыптың болатынын сезбеген де еді. Дәрігерлер оның көзіне екі күрделі операция жасап, айналасын анық көру мүмкіндігін сыйлады.

Кирилл Есік қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатта оқыған. Енді оған арнайы мектепке қайта барудың керегі жоқ.

«Кириллдің көзі қыли және қабағы төмен түсіп кеткен екен. Біз аралас операция жасау туралы шешімге келдік. Оңалту кезеңі бір айға дейін созылады. Кириллді қазақстандық дәрігерлермен бірге бақылайтын боламыз. Егер оған осы жерде немесе Түркияда қосымша емдеу шаралары керек болса, көмектесеміз», – деді медицина ғылымдарының докторы Джем Йылдырым.

Джем Йылдырым – Түркиядан келген профессор. 23 жыл тәжірибесі бар дәрігер көз ауруларына қатысты көптеген операциялар жасаған. Оның қатысуымен Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Светлана Некрасованың көзіне жасалған операция да сәтті өтті.

«Маған жаңа жылға керемет сыйлық болды. Операциядан соң көзім жақсы көре бастады. Дәрігерлерге және балалар үйіне алғысым шексіз. Барлықтарыңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын», - деді Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Светлана Некрасова.

Балаларға тегін операция «Help Today» қоғамдық қорының «Шекарасыз денсаулық» бағдарламасы бойынша жасалды. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов, Радик Джакупов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: