Жаңалықтар тізбегі
0

Астана қалалық құрылыс басқармасының басшысы өмірден озды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 17:31 ҚазАқпарат
2015 жылдың тамызынан бері Астана қалалық құрылыс басқармасына басшылық жасаған.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Астана қалалық құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өмірден озған Талғат Тастыбайұлы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Д.Қонаев атындағы университетті бітірген. Ол әр жылдары «ҚР Бас прокуратурасы қорғаныс және қауіпсіздік бөлімі қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының» бас маманы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, «Астана қалалық құрылыс басқармасы» МБ бастығының орынбасары, Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдың тамызынан бері Астана қалалық құрылыс басқармасына басшылық жасаған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: