Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанайда зейнеткер анасын соққыға жыққан ұлын өлтіріп тастады

Қазір аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сурет : Sputniknews.kz3 Қаңтар 2018, 12:40

Қостанай облысы Жітіқара ауданының 77 жастағы тұрғыны анасын соққыға жыққан 45 жастағы ұлын өлтірді. Аталған фактіге қатысты ақпаратты Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары Руслан Өмірзақов растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні болған.

Жітіқараның 45 жастағы тұрғыны 76 жастағы анасымен сөзге келіп, оны табамен басынан және денесінен ұрған. Кейін 77 жастағы әкесін қорқытқан.

"Осы кезде ашуға булыққан әкесі жақын жерде тұрған балғаны алып, ұлының басынан бірнеше рет ұрған. Салдарынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 102-бабы "Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары.

Істің мән-жайын, күдіктінің жасын ескере отырып, қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер