Жаңалықтар тізбегі
0

Айжан Байзақова өзіне күйеу тауып беруді сұрады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 15:54 Sputniknews.kz
Байзақова өзін жек көретіндерден күйеуге шығуға көмектесуді сұрады.

Қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, үш тәулікке қамалған танымал блогер Айжан Байзақова күйеу тауып беруді сұрады. Ол бұл өтінішін Telegram арнасында жазған, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Парақшамды жойып, барымды жауып тастап, өзімді қамауға алып, менімен күреспексіңдер ме? Одан да қазаққа күйеуге беріңдер. Бір жылдан соң барлық бақытты, ерікті әйелді жек көріп, өз "хейтерлерімнің" қатарына қосыламын. Мені жек көретіндер, маған күйеу іздеңдер", — деп жазды блогер.

Сонымен бірге, Байзақова Алматыдағы абақтыда соққыға жығылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мені зорлап, соққыға жықты деген өсек-аяңды жоққа шығарғым келеді. Ол – өтірік. Маған қолының ұшын да тигізбеді. Ешкім зорлаған да, ұрып-соққан да жоқ", — дейді Айжан.

Бірақ "қоқан-лоққы жасалғанын" жасырмады.

"Сұмдық қоқан-лоққы жасалды. Өртеп, өлтіріп, пышақтап кеткісі келгендер болды… жақындарымды жазалағысы келді… мендей күнәһарға не істегісі келмеді дейсің, киелі халық… Бірақ бірнәрсені түсінбей-ақ қойдым… демек, балағат сөз айтып, шешіну деген бұрыс та, ал сол үшін кісі өлтіру дұрыс па?", — деп жазады Байзақова арнасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты.

Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: