Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жол жөндеген жұмысшылар 4 айдан бері жалақы ала алмай жүр

kaztrk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 16:45 kaztrk.kz
«Бұл мәселенің заңдық тұрғыда шешілуіне кемінде бір-ай уақыт қажет», - дейді мамандар.

Астанада 4 ай бойы жол жөндеген 100-ден аса жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Айтуларынша, «Респект-Строй» компаниясы шілдеден бері қоластындағы қызметкерлерге 65 млн теңге көлеміндегі еңбекақысын бермеген. Құрғақ уәдеден әбден шаршаған бір топ жұмысшы құзырлы органнан қайыр болмады деп отыр, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Жол жөнделді. Жұмыс аяқталды. Бірақ, таңның атысы, Күннің батысы демей, ыстық-суыққа төзіп, тынбай еңбек еткен қара жұмыс иелері шілдеден бері нәпақасын алған жоқ. Елдің әр түкпірінен келген жұмысшылар мереке қарсаңында балаларына сыйлық алу былай тұрсын, күнкөрісіміз төмендеп кетті деп налиды.

Қасым Әкімбаев, жұмысшы: - Телефондарын, көліктерін берсін. Жып-жылы жерде жатыр. Біз жүрміз мұздай жерде. Ертең пәтерден шығарып жіберсе, қайда барамыз?

Мақсат Худжаков, жұмысшы:- Мен 1 млн. 332 мың теңге алуым керек.

Тапсырыс сәуір айында жергілікті әкімдік тарапынан берілген. Тендерді ұтып алған бас мердігер «Энергодор» серіктестігі. «Престиж», «Галара», «Респект-Строй» сынды компаниялар қосалқы мердігер ретінде тартылған. Осы бірнеше серіктестік бір-біріне өзара қарыз, сол қарыз өтелмейінше, жалақыны төлей алмаймыз дейді.

Ермек Күзенбай, «Респект-Строй» ЖШС директоры: - Маған қалай ақша төлейді, мен сіздерге солай төлеймін.

Артем Ринг, «Galara» ЖШС бас директоры: - Жұмыс барысында 148 млн теңге артық шығын шыққан. Құрылыс саласының заңы осы. Әр істеген ісіңе жауап бересің. Бұл жолы да тексеріс барысында «ірі көлемде артық шығын шыққан деп отыр», тапысырыс беруші «Престиж» компаниясы. Бұл жерде бір түсініспеушілік бар. Біз ақ-қарасын анықтаймыз. Жұмысшылар жалақысыз қалмайды.

Жұмысшылардың дауынан кейін дәл осы мекеменің басшысы қаңтардың үші күні 3 компанияның өкілдері бас қосады. Мәселенің оңтайлы шешілуін ақылдасады деп уәде берген еді. Біз уағдаласқан уақытта келіп тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, директор орында жоқ. Қабылдау бөлімі жұмыс істемейді. Демек, жауапкершіліктен жалтарудың артында үлкен құпия жатқан секілді. Еңбек инспекциясы да бұл жағдаймен таныс. Ұжымдық шағым қараша айында келіп түскен. Тексеріс жүргізіліп, еңбек құқының бұзылғанын анықтаған. Содан бері мердігер компания инспекция тарапынан берілген талапты орындамай келеді.

Мақсат Дүйсенов, Астана қалалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы: - 29-желтоқсанға дейін өз еркімен төлеу талабымен нұсқама берген болатынбыз. Алайда, олар бұл уақытқа дейін нұсқаманы орындаған жоқ. Соған байланысты біз материалдарды сотқа жолдаймыз.

«Бұл мәселенің заңдық тұрғыда шешілуіне кемінде бір-ай уақыт қажет», - дейді мамандар. Ашуға булыққан жұмысшылар Жоғарғы сотқа да арызданамыз деп бекініп отыр. Қалай болғанда да, еңбек құқы бұзылған бұл азаматтардың шағымы арнамыздың бақылауында болады.

Раушан Сайлауқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: