Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда болашақ мамандарды даярлау мәселесі талқыланды

Шараға отандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкерлері мен балабақша, мектеп және колледж мұғалімдері қатысты.

Сурет : chirpo.ru5 Қаңтар 2018, 17:17

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі жаңартылған білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында алқалы жиын өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің арнайы бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған мәжілістің өтуіне Қыздар Университетінің Педагогика және психология факультеті мұрындық болды.

Шараға отандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкерлері мен балабақша, мектеп және колледж мұғалімдері қатысты.

Жиынды педагогикалық университеттің оқу және тәрбие істері жөніндегі проректоры Абай Құрманқұлов ашып, Қыздар Университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Бұдан өзге сала мамандары жаңартылған білім беру бағдарламасына сай болашақ мамандарды дайындау мәселесі, мектепалды дайындықтан жаңа «Әліппенің» енгізілу жайы, аталған өзгерістерге сәйкес мамандықтың білім беру бағдарламасындағы өзгерістер жайы сөз болды.

Мектепалды дайындық сыныптарына арналған «Әліппе» оқулығының авторының бірі, ҚазМемҚызПУ-дың Педагогика-психология факультетінің деканы Сайраш Жиенбаева аталған оқу құралының құрылымының теориялық-әдіснамалық негіздеріне кеңінен тоқталып, ондағы балалардың жас ерекшелігіне қарай түрлі ойындар мен қолдарының моторикасын дамытуға бағытталған әдістемелерді әңгімеледі.

Сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Букварь» оқулығының авторы Лариса Лебедева алдағы уақытта маман даярлауда сауат ашу негіздерін оқыту әдістемесі пәнінің енгізілу қажеттігін алға тартты.

Ал, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Мектепке дейінгі бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы А. Тұралбаева жаңартылған мектепке дейінгі білім беру бағдарламасына орай Қыздар Университетінің оқытушыларымен бірге педагог-тәрбиешілерге арналған курстардың жүргізіліп жатқандығын баяндады. Сондай-ақ, ол елімізде бірнеше баспа үйлері өздерінің бағдарламасы негізінде «Әліппе» оқу-әдістемелік кешенін дайындағанын, аталған жоба бүгінде апробациядан өтіп жатқанын айтты.

Мәжіліс соңында мектепалды дайындық сыныптарына арналған «Әліппенің» енгізілуіне байланысты «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына элективті пән ретінде енгізу қажеттілігі туралы арнайы шешім қабылданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер