Аяз салдарынан Шығыс Қазақстан мектептерінде сабақ тоқтатылды

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Ауа температурасы 34 градус нөлден төмен болған.

Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданында үскірік аяз түсуіне байланысты мектептегі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Көкпекті ауданында аяз күшейіп тұр. Ауа температурасы 34 градус нөлден төмен болған. Бүгін бұл жерде 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Зырян ауданында аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптардың сабағы тоқтатылды. Термометр бағаны Зырянда ­-33 градусқа дейін төмендеген.

Қатонқарағай ауданында ауа температурасы -31 градус болғандықтан, бірінші ауысымның 1-4 сыныптарына сабақ болмайды. Сондай-ақ, Күршім және Тарбағатай аудандарында да бірінші ауысымның сабақтары тоқтатылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз