Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бишімбаев сенімді ақтамағаны үшін Елбасы мен халықтан кешірім сұрады

Елбасының сенімін ақтамағаным үшін, кадрлық саясатымда қателескенім үшін қатты ұяламын және маған өте ауыр - экс-министр.

Сурет : Zakon.kz8 Қаңтар 2018, 12:01

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен халқынан сенімді ақтамағаны үшін кешірім сұрады, сонымен қатар өзіне тағылған айыпқа байланысты бар шындықты жасырмай айтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз сөзінде кәсіби жетістіктерге қол жеткізгеніне Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен үлесі тигенін айтып өтті: "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу, мансабындағы жетістік.

«2009-2010 жж. маған Президент Әкімшілігінде экономика бөлімінің меңгерушісі, экономика бойынша президенттің көмекшісі болып жұмыс істеу бақыты бұйырды. Бұл кезең нағыз әлемдік дағдарыстың қызып тұрған кезі болатын. Қазақстанның экономикасы қиындыққа тап болған кез - банк саласы, тұрғын үй құрылысы, үлескерлермен туған мәселе, қаржыландыру мәселелері. ҚР Президенті Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаев ол кездері тәулік бойы жұмыс істейтін. Президент Әкімшілігі экономикалық жобаларды, ұсыныстарды дайындады, оның бәрін Президент мұқият тексеріп, бағалап, өзінің жеке бақылауымен жүзеге асатын. Сол кездері мен үлкен мектептен өттім, экономист ретінде мол тәжірибе жинадым, Қазақстанның дамуы үшін күрделі мәселелерді шешу үшін Елбасымыздың қаншалықты күш, уақыт кетіретінін көрдім», - деді Бишімбаев.

Ол сонымен қатар өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын, алайда «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ қызметкерлерінің жұмысына жеке өзі жауапты екенін айтып өтті.

"Мен Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін. Мен білетін, жұмысқа шақырған адамдар: Жақсыбеков, Жақыпов және басқалар мені сатып кетті, олар үшін мен Мемлекет басшысының алдында жауаптымын. Елбасының сенімін ақтамағаным үшін, кадрлық саясатымда қателескенім үшін қатты ұяламын әрі қиналамын. Мені және менің сенімімді пайдаланған адамдарды өзіме тым жақындатып алдым. Мен Мемлекет басшысынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын" - деді Бишімбаев.

Өткен жылдың 12 қаңтары күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражаттарын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер