Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменді көк түтін басып тұр

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2018 15:00 Хабар 24
Қалада екінші дәрежедегі қолайсыз метеожағдай қалыптасты.

Соңғы 6 тәулікте Өскемен қаласын көк түтін басып тұр. Қазгидромет мамандарының айтуынша, қалада жел соқпағалы 1 аптадан асқан, - деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оның үстіне күн күрт суытқандықтан, ылғалды ауа автокөлік пен өндірістерден шыққан улы түтінге араласып, қалаға шөгіп тұр. Осының кесірінен шаһарда екінші дәрежедегі қолайсыз метеожағдай қалыптасты. Мамандар ауа құрамында күкірт пен азот қышқылы және басқа да химиялық элементтерге толы зиянды заттар қалыпты мөлшерден бірнеше есе артқанын растады. Қою түтін тек Өскеменде ғана емес, Риддер қаласы мен Жаңа Бұқтырма ауылын да басқан. Дегенмен, алдағы бірнеше тәулікте аймақта оңтүстік батыстан жел соғып, ауа біршама тазарады. Бұл мамандардың сөзі.

-Алдағы күндерде ауа райында өзгерістер болады. Циклонның ықпалынан 20-25 метр секунд жылдамдықта дейін жел соғады. Жел соғуына байланысты әсіресе оңтүстік-шығыстан біздің қаламыздағы қолайсыз ауа райы, тұман сейіледі, - дейді инженер-синоптик Жанар Байқадамова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: