Жаңалықтар тізбегі
0

Түрмеден шыққан америкалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2018 17:34 Sn.kz
Вон 2004 жылы әлемдегі мықты боксшылардың бірі болған.

Әуесқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Девон Александердің ағасы орта салмақтағы америкалық боксшы Вон Александер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді, - деп жазады Sn.kz.

Вон 2004 жылы әлемдегі мықты боксшылардың бірі болатын. Алайда, ол қарақшылық қылмысы үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы түрмеден босап шығып, кәсіпқой бокстағы жолын қайта жалғастырды. Шаршы алаңда ол 6 рет жекпе-жекке шығып, барлығында да де жеңіске жетіпті.

“Мен осы өміріме оралуды қанша мәрте армандадым. Оралдым. Енді тек алдағы жекпе-жектерде жеңу үшін тынбай жаттығу жасауым керек. Түрмеде отырған кезімде 175 фунт едім. Қазір – 160 және осы салмақта айқасқым келеді. Менің жоспарым – орта салмақта әлем чемпионы болу. Сондықтан Головкинмен жекпе-жекке шыққым келеді”, – деді Вон Prodigy of Boxing Talk тілшісіне берген сұхбатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: