Жаңалықтар тізбегі
0

Ұялы байланыс абоненттерінің қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізілді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2018 20:18 Stan.kz
Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қояды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп жазады Stan.kz.

Оның айтуынша, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.

“Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл — негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің “минус” болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз”, — деп түсіндірді Абаев.

Сондай-ақ, министр бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде “beep” қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылатынын атап өтті. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады.

“Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз”, — деп түйіндеді ол.

Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: