Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматының Шығыс айналма жолында ірі көлік апаты болды

Айналма жолда бірнеше көлік апатқа ұшырап, екеуі бетон тақта мен шам бағанасына соғылған.

Сурет : 10 Қаңтар 2018, 10:09

9 қаңтар күні Алматыда Шығыс айналма жолында төрт көліктің қатысуымен ірі көлік апаты болды. Апат салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол көлік апатына қатысты куәгердің сөзінше, Audi көлігі айналма жолмен солтүстік бағытта жолдың ортасында келе жатады. Ал оң жақ шеткі жолақта Toyota Camry 20 жылдамдықты асырып келе жатыпты. Audi көлігін озған Camry жүргізушісі кенет солға қарай ығысқан. Рөлге ие болмаған Camry жүргізушісі айналма жолда солтүстік бағытта кетіп бара жатқан Hyundai Tucson көлігін бар жылдамдықпен қағады. Қатты соқыдан екі көлік шыр көбелек айналып, Audi көлігін соғып кетеді.

Онымен қоймай төмен жақта тағы бір Toyota Camry 10 көлігі келе жатады онымен де соқтығысады.

Жол апатының салдарынан екі адам зардап шекті,Toyota Camry 20 жүргізушісі мен бала. Олар ауруханаға жатқызылды. Қалған жолаушылар да аздаған жарақат алып, ауруханаға барудан бас тартты.

Апат кезінде көліктер шам бағанасы мен бетон тақталарға соғылған. Қатты соқыдан тақтаның бірі қарсы беттік қозғалыс жолағына ұшып түсіп, екіншісі орнынан қозғалып кеткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер