Таиландтағы аттракциондар паркінде қазақстандық туристер апатқа ұшырады

nationmultimedia.com nationmultimedia.com
Оқыс оқиға аттракциондар паркінің территориясында микроавтобустың қатысуымен болды.

Таиландтың Пхукет аралындағы Hanuman World атты аттракциондар паркінің территориясында микроавтобустың қатысуымен болған жол апатында он шақты турист зардап шекті, оның сегізі қазақстандық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

«Саябақ территориясында келе жатқан микроавтобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылған. Зардап шеккен он адамның тоғызы жақын маңда орналасқан Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілген. Екі адамның аяғы, бір адамның қолы сынған, қалғандары ауыр жарақат алған», - деп хабарлайды басылым.

БАҚ мәліметінше, Hanuman World саябағы туристер арасында танымал. Сондай-ақ, осы аттракционға ресей мен ТМД елдерінің туристері келетіні айтылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз