Жаңалықтар тізбегі
0

«Астана ЭКСПО-2017» басшысының орынбасары тағайындалды

«АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2018 16:03 «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Бұйрыққа ұлттық компанияның басшысы Ербол Шорманов қол қойды.

Аллен Шайжүнісов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аллен Сержанұлы Шайжүнісов 2002 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын халықаралық-заңгер мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын «экономист» мамандығы бойынша тәмәмдады.

2002 мен 2006 жылдары дипломатиялық қызметте жұмыс істеді. Әртүрлі жылдары Маңғыстау облыс әкімінің аппараты жетекшісінің орынбасары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партия Орталық аппараты Секретариатының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның Басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерінде еңбек етті.

2015 жылдан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ілгерілету және туризм департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.

2017 жылдың 6 қарашасында 1 мамыр мен 31 қазан аралығында өтетін «ЭКСПО-2020 Дубай» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссары болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: