Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

АҚШ үкіметі Huawei-дің тыңшылығын әшкереледі

Америкалықтар ұялы байланыс операторларына аталған компанияның смартфондарын сатқызбай отыр.

Сурет : Baq.kz11 Қаңтар 2018, 12:39

АҚШ билігі Қытай үкіметімен "жұмыс істейтін" Huawei компаниясын кінәлады. Америкалықтар қытай телефоны тыңшы болуы мүмкін деп қауіптеніп, ұялы байланыс операторларына аталған компанияның смартфондарын сатқызбай отыр. Бұл туралы The Information сайты жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Лас-Вегастағы CES көрмесі аясында Huawei компаниясы АҚШ-тың ең ірі ұялы байланыс операторларының бірі AT&T-пен серіктестік туралы жариялаймыз деп жоспарлап отырған. Бірақ келісім жасалмай, компания қытайлық өндірушінің смартфондарын сатудан бас тартты.

Android Police дереккөзі мұндай жағдай АҚШ-тың байланыс жөніндегі федералды комиссиясы тарапынан қысым көрсетілуінен орын алды дегенді растайды. Ведомсто Huawei компаниясы Қытайдың арнайы қызметімен серіктес екеніне сенімді. Сондықтан олар қолданушыларды жасырын бақылай алады. Американың тағы бір байланыс операторы Verizon да мұндай ақпарат болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 2008 жылы да америкалық әскерилер «Huawei Қытайдың Халық-босату армиясымен тығыз байланыс орнатқан» деген қорытынды шығарған. Сол үшін компанияға мемлекеттік немесе әскери мәндегі ақпарат беретін желілерге қосылуға тыйым салынған. 2012 жылдың соңында да АҚШ Конгресі компанияның Қытайдың мемлекеттік және әскери ұйымдарымен байланысы бар деген ақпаратты жариялады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер