Жамбыл облысындағы колонияда жарты келіге жуық есірткі тәркіленді

Baq.kz Baq.kz
Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысына қарасты қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері түзеу мекемесіне ірі көлемде есірткі кіргізген кәсіпкерді ұстады, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Өңірдегі колониялардың бірінде өндіріс орнын ашқан кәсіпкер біздің қызметкерлердің назарына бірден ілігеді. Қызмет барысында қырағылық танытқан тәртіп сақшылары кәсіпкерді жеке тінту кезінде оның аяғынан целлофанға оралған 6 қалта алды», - дейді Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Мейіржан Смағұлов.

ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі осы жылы ірі көлемдегі есірткінің алғаш рет тәркіленіп отырғанын атап өтті. Сот-химиялық сараптама қорытындысы алынған затты жарты келіге жуық марихуана есірткісі деп тапты.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз