Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайлық қария бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 15:49 ҚазАқпарат
Үйдің үш қабырғасы бос бөтелкеден қаланып, арасы балшықпен сыланған.

Лиманное ауылының тұрғыны Владимир Авхимович бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Владимир Авхимович тұрып жатқан қамыс үй өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында салынған екен. Қабырғалары әбден тоза бастаған соң ол бөтелкелердің көмегімен жаңартуға бел буыпты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 15:49

«Бастапқыда жүрексіндім, күз айы болатын. Не керек, қыс түскенше аяқтап үлгердім. Негізі мен сияқты үй салып алғандар туралы теледидардан көргенмін. Жұбайыммен ақылдаса келе, біз де осы шаруаға кірісіп кеттік. Шығын өте аз болды», – деп еске алады үй иесі.

Авхимович аталған құрылысқа қажетті бөтелкелердің өзін жарты жылдай жинаған. Бала кезден бері шашылып жатқан темір-терсек, қағаз қалдықтарын, қоқыстарды жинауға әуес болыпты. «Әйтеуір, бір керегі болатынын білетінмін», - дейді ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 15:49

Үйдің үш қабырғасы бос бөтелкеден қаланып, арасы балшықпен сыланған. Мұндай шыны қабырғалар жауынға мүжілмейді, тіпті аяздарда сынбаған.

«Бастысы, үйдің жылуы ғой. Егер тағы да бос шөлмектер жинасам, бассейн, фонтан қабырғаларын қалауға болады. Хауызға су толтырғанда жарықпен шағылысып тамаша көрінеді. Бірақ бұл үшін аздаған қарапайым құрылыс технологиясынан хабардар болған жөн және бос шиша қауіпті болғандықтан мұқият қарау керек», – деп кеңес берді Владимир Авхимович.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 15:49

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: