Жаңалықтар тізбегі
0

Көгілдір екенін мойындаған әнші Рики Мартин дос жігітімен үйленді

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2018 17:09 Stan.kz
Әнші тойдың бір ай ішінде болатынын айтты.

Рики Мартин өзінің Джоэн Юзеф есімді дос жігітіне үйленді, - деп жазады Stan.kz.

Әнші үйлену күнін белгілегенін, алайда тойдың әлі болмағанын айтып сұхбат берді. Айтуынша, барлық құжатқа қол қойып, неке туралы куәлікке толтырған.

“Ол менің күйеуім. Ол менің азаматым”, – дейді әнші.

Әнші тойдың бір ай ішінде болатынын айтты.

“Сіз той туралы еститін бірінші адам боласыз”, – деді әнші тілшіге.

Әншінің күйеуі швед суретшісі. Мартин Юзефпен 2016 жылы танысқан. Бірге жұмыс істеп жүріп, араларында сезім пайда болған. Қараша айында әнші телешоу кезінде өзінің ер адаммен үйленетінін айтқан еді.

1999 жылы Livin’ la Vida Loca ән жинағы таралған соң Рики Мартиннің атағы әлемге жайылды. Бір ғана әнінің өзі ән тарихындағы ең қымбат әндер қатарына жатты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: