Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанайлық жастар цифрлық технологияны игеріп жатыр

Жергілікті университетте екі жыл бұрын мехатроника зертханасы ашылды.

Сурет : osken-onir.kz15 Қаңтар 2018, 15:29

Білім беру жүйесін индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет. Елбасының Жолдауындағы бұл міндетті жүзеге асыруға қостанайлық оқу орындары барынша дайын, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Жергілікті университетте екі жыл бұрын мехатроника зертханасы ашылды. Мұнда студенттер мен магистранттар робот техникасын, өндірістік автоматтандырылған басқару жүйесін құрастырумен айналысады. Цифрлық технологияның тілін меңгерген жас мамандар бірқатар кәсіпорынмен тығыз байланыста жұмыс істейді. Электронды басқару жүйесіндегі олардың тың жаңалықтары қазір өндіріс орындарында тәжірибеден өткізіліп жатыр.

Ольга Салыкова, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты: - Шетелден инженерлерді, бағдарламашыларды шақырып қажеті жоқ. Біздің магистранттар бұл міндетті атқаруға дайын. Өндірістің автоматтандырылған жүйесін жетілдіруге бағытталған тапсырыстарды қазірдің өзінде орындап жатырмыз. Мұның бәрі Қазақстанды цифрландырумен байланысты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер