Елімізде мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өседі

Хабар 24 Хабар 24
Мұғалімдердің айлығының көбеюі тікелей біліктілігіне байланысты болады.

Мұғалімдердің жалақысы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына сай көтеріледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Еліміздің Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылованың айтуынша, жалақы жоспарлы түрде өседі. Мұғалімдердің айлығының көбеюі тікелей біліктілігіне байланысты болады. Ұстаздардың санаты ұлттық біліктілік тест арқылы анықталады. Осы біліктілік деңгейінің расталуына байланысты мұғалімдердің жалақысына 20%-дан 50%-ға дейін үстеме ақы қосылады. Айта кетейік, Елбасы биылғы Жолдауында ұстаздардың жалақысын 30% арттыруға тапсырма берген болатын.

– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1, 2, 5, 7-сынып мұғалімдерінің қызметтік жалақысы көбейеді. Ал қыркүйектен 3, 6, 8-сынып ұстаздарының жалақысы артады. Сондай-ақ 2019 жылы 4, 9, 10-сынып ұстаздарының, 2020 жылдан бастап 11-сынып мұғалімдерінің жалақысы көбейеді. Елбасы атап өткендей, ұстаздардың қызметтік жалақысының үстіне 30% қосылады. Мысалы, 15 жылдық еңбек өтілі бар, бірінші санаттағы ұстаздың жалақысы қала деңгейінде 24 мың теңге, ал бірінші санаттағы мұғалім ауылда 15 жыл еңбек етсе, оның жалақысы барлық жүктемені қосқанда, 25 880 теңгеге артады, - деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз