Қарағандыда 21 жастағы бойжеткен полицияға зорлық көрдім деп өтірік арыз жазған

Today.kz Today.kz
Зорлау фактісі бойынша ашылған іс тоқтатылды.

21 жастағы Қарағанды тұрғыны 10 күн бойы достарымен қыдырып, кейін полицияға келіп өзінің зорлық көргенін айтқан, деп хабарлайды Today.kz.

Полиция бөлімшесі қыздың жүрген жолына зерттеу жүргізді. Кейін бойжеткеннің құрбысы мен екі досын бөлімшеге әкелді.

Олар соңғы екі күнде ғана қызбен қыдырғандарын айтқан, олар саябақта бірге серуендеген.

"Тергеуші кезекті тергеу жүргізген кезде қыз зорлық көргені туралы оқиғаны ойдан шығарғанын мойындады. Оның себебі ата-анасы ұрса ма деп қорыққан", - деді қыздың кесірінен полицияға жеткізілген жігіттің адвокаты.

Зорлау фактісі бойынша ашылған іс тоқтатылды.

Енді ҚР ҚК 419 бабы "Жалған ақпарат беру" бойынша 21 жастағы бойжеткеннің үстінен іс қозғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз