Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық ондаған өндіруші компания жабылып қалуы мүмкін

kaztrk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2018 16:12 kaztrk.kz
«Жасампаз» консорциумы 2016 жылы құрылған.

Отандық 44 кәсіпорынның басын біріктіретін «Жасампаз» консорциуымының белсенділері осылай деп мәлімдеді. Олардың сөзінше, бұған «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының аталған бірлестікпен жасаған ұзақ мерзімді келісімін біржақты бұзуы себеп болып отыр, деп хабарлайды kaztrk.kz.

«Жасампаз» консорциумы 2016 жылы құрылған. Сол уақытта ұлттық компаниямен 5 жылға қорғаныс күштеріне қажетті киім және өзге де құрал-жабдықтарын дайындау бойынша келісімге отырады. Осыған сенген бизнесмендер екі жылда инфрақұрылымға 15 млрд теңгеге жуық қаржы тартыпты.

Ал, түскен табыс бұның тек жартысын жауып отыр. Жыл басында «Қазақстан инжиниринг» бұл бірлестікпен келісімшартты бұзған. Енді мемлекеттік тапсырыс болмаса, кәсіпкерлер қарызға батуы ықтимал. Келісімді тоқтатуға дәлелді себеп жоқ. Ал, мәселені талқылау үшін оператор «компанияның өкілдерімен байланысу еш мүмкін болмай отыр», - дейді өкпелі кәсіпкерлер.

Азамат Абдрасилов, «Жасампаз» консорциумының заңгері: - Құқықтық заңнамалық жағынан алсақ, бізге шарттың бұзылуы хабарламасы жеткізілген кезде, заңсыз деп табылды. Тек қана осындай баспасөзге шығып жанайқайымызды айтуға мәжбүр болып келдік.

Осыған байланысты сұхбат беруін өтініп «Қазақстан инжинирингке» хабарласқан едік. Олар тек заң шеңберінде әрекет еттік деп жазбаша жауап қатты.

Шерхан Жамбылұлы: - Алайда, сәл кейінірек монополияға қарсы мекеме бұл хабарламаны қарастырмай қоя тұру нұсқауын жіберген. Енді, Ұлттық компания реттеуші мекеменің соңғы тоқтамына байланысты әрекет етпек.

Егерде, бірінші шешім заңды деп табылып, қос тараптың келісімі бұзылған жағдайда 5 мыңға жуық адам нәпақасын тауып отырған өндіріс орындары шатқаяқтап, жұмыс орындары қысқаруы әбден мүмкін.

Шерхан Жамбылұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: