Қарағанды тұрғыны кәмелетке толмаған туысын Сирияға әкетпекші болған

Zakon.kz Zakon.kz
Тергеу барысында оның содырларға көмек көрсетуге бара жатқаны анықталды.

Қарағандыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымына қосылу үшін елден кәмелетке толмаған туысын әкетпекші болған 30 жастағы әйел сотталмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, оған ҚР ҚК 259-бабы мен 257-бабы, яғни «Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау үшін есірткі немесе психотроптық заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау» бойынша айып тағылуда.

Сотталушы Қарағандыдан Сирияға кетіп бара жатқанда Қарағанды облыстық Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстаған. Тергеу барысында оның содырларға көмек көрсетуге бара жатқаны анықталды. Әйелді 2017 жылдың қыркүйегінде «Сокур» бекетінде ұстаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел Сирияға 2017 жылдың тамызында кетуді жоспарлаған. Содырлармен байланысып, оны өз қатарларына алуға көндіреді. Келісім жасаушылардың бірі оған діт деген жерге қалай жетуді айтқан.

Ұсталған әйел өзімен бірге 18 жасқа толмаған күйеуінің кіші інісін әкетпекші болған. Бірақ, анасының келісімін алмағаннан кейін, кейінірек алып кетуге уәде берген. Сот тыңдалымы басталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз