Жаңалықтар тізбегі
0

Пхенчхан-2018: Қазақстан құрамасының спорттық киімі таныстырылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2018 22:51 ҚазАқпарат
Қазақстан спортшыларының спорттық киімінде ұлттық ою-өрнектер бейнеленген.

9 ақпанда Оңтүстік Корея елінің Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары киіп шығатын спорттық киімнің таныстырылымы болып өтті. Таныстыру рәсімі Астанадағы «Mega Silk Way» ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына аттанатын қазақстандық спортшыларға берілетін спорттық форма: жылы спорттық костюм мен шалбар, жылы желет, жаттығуға арналып тігілген және желден қорғайтын костюмдерден тұрады.

«Спорттық форманы таңдаған кезде біз әдеттегідей, ең біріншіден талапқа сай болуына баса назар аударамыз. Спортшы үшін форма материалының сапасы, Олимпиада ойындарында өтетін елдің ауа-райы ерекшеліктері ескеріледі. Бізге спорттық экипировка шығаратын бірнеше өндірушіден ұсыныс түсті. Оның ішінде Еуропа елдерінен де ұсыныстар болды. Спорттық киімді тігу кезінде заманауи әдістерді қолданған жапониялық компаниямен бірлесіп, форманы ақылдасып, таңдап алдық», - дейді ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов.

Қазақстан құрамасына олимпиадалық форманы әзірлеу жапониялық «Mizuno» компаниясына тапсырылған. Компания 1906 жылдан бастап спорттық киім мен аяқ киім тігумен айналысатын әлемнің ең ірі өндірушілерінің бірі. Жапониялық компания олимпиадалық қозғалысты 1964 жылғы Токио олимпиадасынан бастап қолдап келеді. Сол уақыттан бері бірнеше Олимпиада ойындарын спорттық эпикировкамен қамтамасыз еткен. Оның ішінде 1917 жылы Саппородағы және 1998 жылы Наганодағы Олимпиада ойындарына спорттық киім дайындаған.

Қазақстан спортшыларының спорттық киімінде ұлттық ою-өрнектер бейнеленген.

«Бүгінгі күні Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарына киіп баратын киімінің таныстырылымына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Біздің бәріміз Қазақстанның қысқы спорт түрлерінен үздік командалардың бірі екенін білеміз», - дейді Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсик.

Еске сала кетсек, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: