Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалімдер смартфон арқылы баға қоятын болды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2018 23:48 ҚазАқпарат
Электрондық журналдар мұғалімдердің жүктемесін азайту мақсатында енгізілген.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің баға қою жұмысын жеңілдету үшін электрондық күнделіктің мобильді қосымшасын шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті.

«Электрондық журналдар мұғалімдердің жүктемесін азайту мақсатында енгізілген. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Алматы қаласында сыналып жатыр. Әйтсе де, электронды журналды толтырудың қағаз журналды қоса толтыруды қажет етпейтінін қанша жазсақ та, кей мектептерде қос журналды қатар толтыру жағдайлары кездескен. Сол себепті, ҚР БҒМ Бұйрығына кең жолақты интернет қолжетімді болса, білім беру ұйымы журналды тек қана электронды түрде жүргізеді деген өзгеріс енгіздік», - деді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оған қоса, министрлік мұғалімдердің баға қою жұмысын жеңілдету үшін мобильді қосымша жасау және мектептердегі Интернет сапасын жақсарту мәселелерін шешуде.

«Электронды журналды оңай пайдалану үшін мобильді қосымшаның болуы маңызды. Сынамалы жобалар қосымшалардың мұғалімдерге өте ыңғайлы екенін көрсетті. Шамамен көктемде мобильдік қосымшалар дайын болады және көпшілікке таныстырылады. Осылайша, мұғалімдер мобильдік құрылғылары арқылы оқушыларға баға қояды», - деп өз сөзін түйіндеді вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: