Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2018 22:58 Sputniknews.kz
Астана мен Ақмола облысындағы қарлы боран қаншама үй мен ғимаратты бұзып, инфрақұрылым нысандарын қиратты.

Ақмола облысының екі ауданында боран салдарын жою мақсатында жергілікті масштабты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

11 қаңтарда Астана мен жақын аудандарда ақтүтек боран соқты. Астанада сол күні табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.

"Аршалы және Ерейментау аудандары әкімдері жергілікті масштабта табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады", — делінген хабарламада.

Бұл шара бұзылған нысандарды қалпына келтіруге төтенше жағдайға арналған қордан қаражат бөлу үшін қолданылып отыр.

Ерейментау ауданында 11 қаңтарда боран салдарынан үш ауылдағы мектептер мен Балалар шығармашылығы үйінің шатырлары құлап, төрт ауылдағы электр желілеріне зиян келген.

Аршалы ауданында бес ауылдағы мектептердің шатырларына зақым келіп, бір мектептің шатыры түгелдей қирап қалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: